RU

Коронавирус: Елміздің жеті өңірі "сары" аймақта

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Коронавирустың таралуы бойынша бір облыс "қызыл" және жеті өңір "сары" аймақта тұр деп хабарлайды Қазақпарат.

Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы ұсынған ақпаратқа сәйкес, 24 желтоқсандағы жағдай бойынша "қызыл" аймақтан әлі де Атырау облысы шықпаған.

Сонымен қатар, Қостанай облысы, Ақмола облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Батыс Қазақстан облысы, Павлодар облысы мен Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары "сары" аймақта тұр.

Қазақстанның қалған өңірлердің барлығы "жасыл" аймақта орналасқан.

Еске сала кетсек, үкімет басшысы Асқар Мамин ел аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның селекторлық отырысын өткізген еді.

Оған сәйкес, елімізде 2020 жылғы 25 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 5 қаңтарға дейін шектеу шаралары күшейтілетіні туралы белгілі болған еді.

Бұған дейін премьер-министр мемлекет басшысына коронавирусқа қатысты елдегі ахуал туралы есеп берген болатын.

Айта кеткен жөн, Солтүстік Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары өңірдің екі ауданындағы 6 елдімекенде карантин жариялады.

Сонымен қатар, кеше Алматы қаласының коронавирус бойынша "сары" аймаққа қайта кіргенін жазған болатынбыз.

Бүгін оңтүстік астананың бас санитары Жандарбек Бекшин жаңа қаулы шығарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890742-koronavirus-elmizdi-zeti-iri-sary-ajmakta/