RU

“Медеу” мен “Шымбұлақ” жаңа жылдық демалыста қалай жұмыс істейді

Фото
Фото: ticketon.kz

"Медеу" және "Шымбұлақ" жаңа жылдық мереке күндері жұмысын жалғастыра бермек. Бұл туралы Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысында айтылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қаулы осы жылдың 26 желтоқсан күні күшіне енбек.

Тиісті құжатта туризм объектілерінің жұмысы тестілеу режимінде белгіленген шектеу шараларын сақтай отырып жалғасатыны айтылған.

"Медеу" спорттық-сауықтыру орталығы мен "Шымбұлақ" тау-шаңғы курортының қызметіне рұқсат. "Медеу" мұз айдынының әр сессияда 750 адамнан қабылдауына болады. Ал "Шымбұлақ" курортына келушілердің саны 30 пайыздан аспауы тиіс", - делінген қаулы мәтінінде.

Сонымен қатар құжатта көңіл көтеру мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютерлік, түнгі клубтар мен ойын клубтары, боулинг орталықтары, балалар спорты мен ойын алаңдары, аттракциондар, батуттар және букмекерлік кеңселер мен лотереялық клубтардың) қызметіне тыйым салынатыны көрсетілген.

Қаулының толық мәтінімен сілтемеге өтіп, танысуға болады.

Еске сала кетсек, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 754 адам тіркелген. Олардың 90-ы Алматы қаласынан.

Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 149 462-ге жетіп отыр.

Сонымен қатар, кеше Алматы қаласының коронавирус бойынша "сары" аймаққа қайта кіргенін жазған болатынбыз.

Бүгін оңтүстік астананың бас санитары Жандарбек Бекшин жаңа қаулы шығарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890750-medeu-men-symblak-zaa-zyldyk-demalysta-zmys-istejdi/