RU

Нұр-Сұлтанда әйел аязды күні кішкентай қызын іш киіммен қуып жіберді

Даладағы қыз
Фото: instagram.com/_zakeeva.a__

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны балаларын тәртіп бұзғаны үшін қатал түрде жазалаған деп хабарлайды zakon.kz.

23 желтоқсанда сағат 21.20-да жағдайға бей-жай қарамаған әйел полицияға хабарласқан. Ол көршісі 6 жасар ұлын ұрып, 8 жасар қызын көшеге шығарып жібергенін айтты.

Оған қоса, әлеуметтік желіде zakeeva.a болып тіркелген қолданушы өз парақшасында осы оқиғаға қатысты жазба жариялаған. Оның айтуынша, 18-19 желтоқсан күндері анасы қызын сыпырғы жоғалтқаны үшін үйден қуып шыққан, жасөспірім дәлізде түнемекші болған. Кейін жазба авторы қызды үйіне кіргізіп, бүлдіршін сол үйде түнеп шыққан екен. Ертеңіне көршісі анасына егер бұлай жалғасса, тәртіп сақшыларын шақыратынын айтып ескерткен. Ал 23 желтоқсанда анасы ұлының басын қабырғаға ұрып, сабаған көрінеді.

Далада іш киіммен отырған қыз
Фото: instagram.com/_zakeeva.a__

"Полиция қызметкерлері 35 жастағы әйелді анықтады. Тұрғын бұл әрекеті арқылы көршісінің кірқыстырғыштарын рұқсат сұрамай алып, ойнағаны үшін балаларын жазалағысы келгенін түсіндірді", – деп хабарлады полициядан. Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті бұл отбасыны арнайы есепке алғанын атап өтті.

Қазіргі уақытта жағдайды және барлық мән-жайды полиция қызметкерлері мен Нұр-Сұлтан білім бөлімінің қорғаншылық және қамқоршылық органдары заңды өкілдеріне қатысты объективті шешім қабылдау үшін жан-жақты зерттеп жатыр.

Еске салсақ, Ақмола облысындағы жекеменшік балабақшалардың бірінде орнатылған бақылау камералары бала "тәрбиелеудің" қатал шараларын түсіріп алған.

Бейнежазбалар әлеуметтік желіде пайда болып, қазақстандықтардың наразылығын тудырды. Жағдайға облыстың білім бөлімінде түсініктеме берілді.

Оған қоса, ол желіде тараған видеоға түсініктеме беріп, тәрбиеші баланың астындағы орындығын қалай жұлып алғаны, сол сәтте бала иегін үстелге соғып алғанын айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890757-lyn-sabap-kyzyn-suykka-sygargan-nr-sltanda-anasy-balalaryn-kata-zazalagan/