RU

Сауда және интеграция вице-министрі тағайындалды

Ержан Қазанбаев
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Ержан Қалдыбайұлы Қазанбаев ҚР сауда және интеграция вице-министрі қызметіне тағайындалды деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты.

Ержан Қазанбаев 1983 жылы Алматы қаласында туған. 2006 жылы Алматы технологиялық университетін, 2008 жылы Абердин университетін (Ұлыбритания) бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылы «Экспресс Банк» АҚ-ында комплаенс-бақылаушы болып бастаған. Сонымен қатар коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді. 

2010-2012 жж. — ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің инвестициялық саясат департаментінің инвестициялық саясат басқармасының сарапшысы м. а., сарапшы.

2012-2013 жж. — ҚР экономикалық даму және сауда министрлігінің кәсіпкерлікті қаржылай қолдау басқармасының басшысы.

2013 жылы — экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаментінің мемлекет міндеттемелері басқармасының саясат басқармасының басшысы.

2013-2016 жж. — ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің экономика салаларын дамыту департаменті директорының орынбасары, Астана қ.

2016-2019 жж. — ҚР ұлттық экономика министрлігінің экономика салаларын дамыту департаментінің директоры.

2019 жылғы шілде айынан қазірге дейін ҚР президенті әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890763-sauda-zne-integracia-vice-ministri-tagajyndaldy/