RU

Қыдырғысы келген: Алматылық 14 жастағы екі жасөспірім көлік ұрлаған

әйел ұсталды
Көрнекі фото: report.az

Алматы облысында екі жасөспірім Toyota Camry көлігін ұрлап кетті деп хабарлайды zakon.kz.

Басылым ұсынған ақпаратқа сәйкес, Райымбек ауылының 33 жастағы тұрғыны өзінің Toyota Camry жеке автокөлігі ұрланғандығы туралы арызбен Қарасай аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне жүгінген.

Жәбірленушінің айтуынша, ол шай ішу үшін үйіне кіріпті. Аз уақытта "жүрек жалғап" қайта шыққанда транспорты орнында болмаған.

Кезекшінің, тергеушінің, жедел уәкілдің, криминалистің және патрульдік полиция жасағының құрамындағы тергеу-жедел тобы жылдам іс-қимылдардың нәтижесінде бір сағат ішінде ұрланған машинаны автомобиль базары маңында тоқтатқан.

Салонда Алматыда тұратын 14 жастағы екі жасөспірім отырды, дейді полиция.

Олар ұрлық жасағандарын мойындап, көлікпен тек қыдырғысы келгендерін жеткізіпті.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 2 бөлімі 200 бабы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетсек, осыған дейін Қарағандыда қонаққа шақырылған азамат үй иесінің ұялы телефонын ұрлап, автокөлігін заңсыз айдап әкеткенін хабарлаған едік.

Одан бөлек, Түркістан облысында күдікті мешітке ұрлыққа түсіп, қайырымдылық жәшіктерін тонап кеткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890764-kydyrgysy-kelgen-almatylyk-14-zastagy-eki-zasspirim-klik-rlagan/