RU

Түркістан облысында ата-анасы жер көктен іздеген қыз Шымкенттен табылды

Қыз бен жігіт
Көрнекі фото: piqsels.com

Түркістан облысының полиция қызметкерлері жоғалып кеткен 16 жастағы қызды Шымкент көшелерінен тапты деп хабарлайды NewTimes.kz.

Басылымның жазуынша, оқушы қыздың анасы Сарыағаш облыстық полиция департаментінің кезекші бөліміне 16 жастағы қызының жоғалып кеткені туралы хабарлаған.

Әйел адамның айтуынша, кәмелетке толмаған қызы мектепке барамын деп үйден шығып кетіп, қайта оралмаған.

Туыстары жоғалған қыздарын өз бетімен іздеп табуға тырысқан. Алайда нәтиже болмаған соң келесі күні полицияның көмегіне жүгінген.

Тәртіп сақшылары бұл фактіні полиция бөлімінде тіркеп, оқушы қызды іздей бастаған.

"Криминалдық полиция қызметкерлері мен учаскелік инспекторлар жоғалып кеткен 11-сынып оқушысы, 16 жастағы қызды іздеуге кірісті. Жасөспірімнің жүрген жерін анықтау үшін полиция оны көрген немесе кез келген ақпаратқа ие куәгерлермен, такси жүргізушілерімен және маңайда жүрген адамдардан жауап алды.

Сондай-ақ жедел уәкілдер жоғалып кеткен қыздың әлеуметтік желідегі парақшаларын жіті тексеріп, таныстарын анықтады", – дейді Түрікстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тәулік ішінде тәртіп сақшылары 16 жастағы қызды Шымкент көшелерінен тапты.

Белгілі болғандай, жасөспірім қыз ата-анасына таныс жігітпен басқа қалада серуендеуге тыйым салғанына ренжіп, ешкімге айтпай, мегаполиске кетіп қалған.

Нәтижесінде тәртіп сақшылары қызды үйге әкеліп, ата-анасына табыстаған. Өз кезегінде жасөспірімінің ата-анасы қызымен аман-есен қауыштырған полция қызметкерлеріне алғысын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890780-mektep-okusysy-zigitpen-seruendeu-sin-symkentke-kasyp-ketken/