Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

42 градусқа дейін қатты аяз күтіледі: Еліміздің бірнеше аймағында дауылдық ескерту жарияланды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанның төрт өңірінде ауа райына байланысты дауылдық ескерту жарияланды деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК Telegram-каналында.

Синоптиктер ұсынған ақпаратқа сәйкес, 25 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы 20-25 градусқа дейін күрт төмендейді.

Облыстың солтүстігінде 30 градус аяз күтіледі.

26 желтоқсанда түнде 25-30, кей жерлерде 33 градусқа дейін аяз болуы ықтимал.

26 желтоқсанда Павлодар облысында ауа температурасы 30-35 градусқа дейін күрт төмендеп, өңірдің солтүстігінде 38 градус аяз күтіледі.

27 желтоқсанда түнде 32-37, кей жерлерде 40 градусқа дейін қатты аяз болуы мүмкін.

26 желтоқсанда Ақмола облысында ауа температурасы 20-25 градусқа дейін төмендеп, облыстың солтүстігінде 30 градус аяз болуы ықтимал.

27 желтоқсанда түнде 25-30, кей жерлерде 35 градус аяз күтіледі.

Сонымен қатар, синоптиктер 26 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында 30-35 градусқа дейін күн суытатынын хабардар етті.

Ал 27 желтоқсанда өңірде сынап бағанасы 37-42 градусқа жетуі мүмкін.

Дауылдық ескертудің ықтималдылығы 95-100%.

Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер 2020 жылдың қарашасынан 2021 жылдың наурызына дейінгі аралықта елімізде ауа райы қандай болатынын болжаған еді.

Синоптиктердің болжамынша, жалпы 2020-2021 жылдары қыс жылы болады және жауын-шашын көп түседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890789-42-graduska-dejin-katty-aaz-ktiledi-elimizdi-birnese-ajmagynda-dauyldyk-eskertu-zarialandy/

pixel