Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бекшин есікті іштен жауып алып, жұмыс істейтін клубтармен жаңа тәсілмен күреспек

Опубликовано:

Түнгі клуб
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы қаласындағы мониторинг топтардың құрамына Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары да кіреді. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бекшиннің сөзінше, кебір мейрамханалар мен түнгі клубтар карантин шараларына қарамастан жасырын түрде келушілерді қабылдап, есікті іштен кілтеп алады.

"Біз алдағы уақытта мониторингтік топтың құрамына Төтенше жағдайлар департаменті мамандарын кіргіземіз. Олардың арнайы құралдары бар. Соны пайдалану арқылы есікті ішенен жауып алған ғимараттарға кіруге болады. Бұл мәселені шешеміз", – деді Жандарбек Бекшин.

Еске сала кетсек, бұған дейін Бекшиннің жаңа қаулысы шыққан еді.

Қаулы 26 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.

Құжатта адам көп жиналатын жерлерде ойын-сауық, спорттық іс-шаралар, көрмелер, форумдар және отбасылық мерекелер өткізуге тыйым салу туралы айтылған.

Сонымен қатар жаңажылдық іс-шараларды өткізуге де тыйым салынады.

"25 желтоқсаннан 5 қаңтарға дейін барлық ұйым мен мекемеде жаңажылдық іс-шараларды өткізуге, сондай-ақ аниматорларды, яғни аяз Ата, ақшақар және басқа жаңажылдық кейіпкерлерді үйге шақыру бойынша агенттіктердің жұмысына тыйым салынады", - делінген құжат мәтінінде.

Айта кетсек, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 754 адам тіркелген.

Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 149 462-ге жетіп отыр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890831-beksin-esikti-isten-zauyp-alyp-zmys-istejtin-klubtarmen-zaa-tsilmen-krespek/

pixel