RU

Германияда мутацияға ұшыраған коронавирус жұқтырған адам тіркелді

Коронавирус
Көрнекі фото: Leon Neal/Getty Images

Германияда мутацияға ұшыраған коронавирус жұқтырған алғашқы адам тіркелді деп хабарлайды РИА Новости.

Коронавирустың жаңа штаммы Баден-Вюртемергте тіркелген.

Мутацияға ұшыраған коронавирус 20 желтоқсанда Ұлыбританиядан Майндағы Франкфурт әуежайына келген әйелден табылған. Қазір ол үйінде оқшауланып жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрі Мэттью Хэнкок елде таралып жатқан коронавирустың жаңа штаммына қатысты жағдай бақылаудан шыққанын мәлімдеген еді.

Айта кетсек, бұған дейін Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон ел астанасы Лондон мен Англияның оңтүстік-шығыс аймақтарында жаңа шектеу шараларын енізуге қатысты мәлімде жасаған еді.

Жаңа ережелерге сәйкес, халыққа екі апта бойы еркін жүріп-тұруға рұқсат жоқ. Дәріхана және азық-түлік дүкендерінен басқа сауда орындары, жабық жаттығу залдары жұмыс істемейді.

Халыққа ғимарат ішінде кездесуге, шетелге шығуға рұқсат етілмейді. Отбасылық мереке саналатын Рождество тойланбайды.

Коронавирустың жаңа штаммы салдарынан шектеу шаралары күшейтілгеннен кейін Лондон тұрғындары қаладан жаппай кете бастады.

Сонымен бірге Ұлыбританиямен ондаған мемлекет арадағы көлік қатынасын тоқтатып, шекарасын жапқан болатын. Енді тұрғындар елде "азық-түлік тапшылығы туа ма" деп алаңдайды. Сондықтан жергілікті жұрт жаппай дүкен жағалап, сөрелерді босатып тастаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890875-germeniada-mutaciaga-syragan-koronavirus-zktyrgan-adam-tirkeldi/