Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда 5 қаңтарға дейін базарлар мен сауда үйлері жабық бола ма: Әкімдік жауап берді

Опубликовано:

сауда орталығы 165
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Атырау әкімдігі жаңа жылдық мереке кезінде сауда ойын-сауық орталықтары мен базарлар қалай жұмыс істейтінін түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстағы Коммуникация қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде Атырауда 5 қаңтарға дейін базарлар мен сауда орталықтары жабық болады деген ақпарат пайда болды.

Алайда әкімдік бұл ақпаратты жоққа шығарды. Сауда орталықтары мен базарлар қалыпты режимде жұмыс істейді.

"Олар дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00 мен 19:00 аралығында және сенбі күні сағат 09:00 мен 17:00 аралығында ашық болады. Санитарлық шаралардың күшеюіне байланысты базарлар мен сауда орталықтары тек жексенбі күндері жұмыс істемейді", - дейді шенеуніктер.

Еске сала кетсек, Нұр-Сұлтанда 26 желтоқсаннан бастап қаланың бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиеваның қаулысымен кинотеатрлардың санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес жұмыс істеуіне рұқсат етілді.

Сондай-ақ елорда әкімі Алтай Көлгінов үлкен кезектердің пайда болуына жол бермеу үшін жаңа жылдық мерекелер қарсаңында объектілерді тәулік бойғы жұмыс режиміне ауыстыруға рұқсат беруді тапсырған.

"Мереке қарсаңында дүкендерде келуші саны көбеюі байқалады. Үлкен кезектердің пайда болуына жол бермеу үшін жарлықта жаңа жұмыс кестесі белгіленді. Аумағы 2 мың шаршы метрден асатын супермаркеттер мен гипермаркеттер жұмыс уақытында шектелмейді", - дейді Жанна Пірәлиева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890877-atyrauda-5-katarga-dejin-bazarlar-men-sauda-jleri-zabyk-bola-ma-kimdik-zauap-berdi/

pixel