RU

Өткен тәулікте тағы 736 қазақстандықтан коронавирус анықталды

Көшедегі адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Еліміздің денсаулық сақтау министрі коронавирус инфекциясына байланысты соңғы деректерді жария етті деп хабарлайды Coronavirus2020.kz Telegraam арнасы.

"Қазақстанда өткен тәулікте 736 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды", - делінген хабарламада.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 60

Алматы қаласы - 95

Шымкент қаласы - 3

Ақмола облысы - 58

Ақтөбе облысы - 11

Алматы облысы - 61

Атырау облысы - 62

Шығыс Қазақстан облысы - 61

Жамбыл облысы - 15

Батыс Қазақстан облысы - 29

Қарағанды облысы - 37

Қостанай облысы - 65

Қызылорда облысы - 4

Маңғыстау облысы - 12

Павлодар облысы - 93

Солтүстік Қазақстан облысы - 61

Түркістан облысы - 9.

Осылайша, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 150 198-ге жетті.

Еске сала кетсек, Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиеваның қаулысымен 26 желтоқсаннан бастап қаладағы кинотеатрлардың жұмысына рұқсат етілді.

Сонымен қатар мереке қарсаңында мейрамханалардың, кафелердің, барлардың, асханалардың жұмыс уақыты үлкен кезектер туындауына жол бермеу мақсатында 24:00-ге дейін ұзартылады.

Бұл ретте ғимарат ішінде 30 орыннан артық болмауы, санитарлық-эпидемиологиялық, санитарлық-профилактикалық шараларды сақталуы, үстелдер арасында кемінде 2 метр әлеуметтік арақашықтық сақталуы, әр үстелге 4-6 адамнан артық отырғызылмауы керек.

Сондай-ақ 25 желтоқсаннан бастап елордада супермаркеттер мен гипермаркеттерге де тәулік бойы жұмыс істеуге рұқсат берілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890895-tken-tulikte-736-kazakstandyktan-koronavirus-anyktaldy/