Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дуаны жойғысы келген Ақтөбе тұрғыны алаяққа 400 мың теңгесін санап берген

Опубликовано:

Дуа
Көрнекі сурет: alaniatv.ru

Ақтөбеде алаяқ әйел өзін көріпкел ретінде таныстырып, "дуаны жойып беремін" деген уәдемен тұрғынның 400 мың теңгесін қолды қылған деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылымның мәліметінше, 21 желтоқсанда жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген Ақтөбе облысы Полиция департаментінің қызметкерлері алаяқтық жасады деп күдіктелген 35 жастағы әйелді ұстаған.

Күдікті ағымдағы жылдың 30 қарашасында жәбірленуші жұмыс істейтін қаланың сұлулық салондарының біріне келіп, өзін жарнамалай бастаған. Ол болашақты болжап, дуаны жоя алатындығын айтып, зардап шегушіні әңгімеге тартады.

"Көріпкел" әр түрлі айла-әрекеттерге барып, 40 жастағы жергілікті тұрғынды үйіне дуа жасалғандығына әбден сендірген. Осылайша, дуаны жойып, қиындықтардан арылу үшін белгілі бір рәсімді орындауға ақша қажет екендігін алға тартыпты. Дуа туралы әңгімеге алданып қалған жәбірленуші күдіктіге қызметі үшін 400 мың теңгесін санап берген.

Көп ұзамай, зардап шегуші алданғанын сезіп, полицияға жүгінген. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Тәртіп сақшылары оның өзге қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде.

Полиция бейтаныс күдікті адамдармен әңгімелесу барысында алаяқтардың айла-амалдарына алданып қалмау керектігін ескертеді. Әсіресе жеке жинақ ақшаңызды бейтаныс адамдарға сеніп тапсырмаған абзал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890898-duany-zojgysy-kelgen-aktbe-trgyny-alaakka-400-my-tegesin-sanap-bergen/

pixel