Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әскердегі күндерімді еске алғым келеді": Бразилия президенті парашютпен секіруге бел буды

Опубликовано:

Жаир Болсонару
Жаир Болсонару. Фото: Gettty Images/ Andressa Anholete / Stringer

Бразилия президенті Жаир Болсонару парашютпен секіруге бел буды. Бұл туралы ол Facebook парақшасындағы тікелей эфир кезінде мәлімдеді деп хабарлайды ТАСС.

65 жастағы президент десанттық әскердегі өз қызметімнің жақсы кезеңдерін еске алғысы келетінін жеткізген.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы "командалық рухты нығайту үшін" бірнеше министрді өз қатарына қосылуға шақырды.

"Тимбилдинг" жұмысқа кедергі келтірмес үшін қаңтар-ақпан айларындағы демалыс күндерінің бірінде өтпек.

Болсонару парашютпен секіру үшін ұшақ та таңдап қойды. Ол – бразилиялық Embraer компаниясының әскери-көліктік KC-390 әуе кемесі.

Еске сала кетсек, осыған дейін Бразилия президенті Жаир Болсонару коронавирус инфекциясын жұқтырғанын жазған болатынбыз.

Ол өзінің тест сынамасынан Covid-19 инфекциясы анықталғанын растады. Мемлекет басшысы дене қызуы көтерілгеннен кейін төрт рет анализ тапсыруға мәжбүр болған.

Сонымен қатар, ол өзін жақсы сезінетінін, аурудың жеңіл формада өтіп жатқанын жеткізді. Президент жексенбі күні денсаулығы нашарлағанын мәлім етті.

Сонымен қатар, Жаир Болсонару митингке шыққан сәтін Facebook желісіндегі парақшасында жариялап, "Мен бүгін осындамын, өйткені өз халқыма сенемін, мен Бразилияға сенемін", - деген жазба қалдырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891005-skerdegi-knderimdi-eske-algym-keledi-brazilia-prezidenti-parasutpen-sekiruge-bel-budy/

pixel