Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұлдыз Әбдікәрімова "Әлем ханымы – 2020" атанды

Опубликовано:

Жұлдыз Әбдікәрімова
Жұлдыз Әбдікәрімова: Instagram/Жұлдыз Әбдікәрімова

Қазақстандық мега жұлдыз Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова "Әлем ханымы – 2020" атағын жеңіп алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жұлдыз Әбдікәрімова жеңісі туралы ақпарат байқаудың Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жария етілді.

Конкурс коронавирус пандемиясына байланысты онлайн форматта өтті. Ресми сайтта 1-24 желтоқсан аралығында дауыс берілді. Жұлдыз Әбдікәрімова 81 902 дауыс жинады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Жұлдыз Әбдікәрімованың "Әлем ханымы-2020" байқауында ел намысын қорғайтыны белгілі болды.

Қайрат Нұртастың жары аталмыш байқауға қатысты сұхбат беріп, оған қалай келгені туралы бар шындықты айтты.

Белгілі болғандай, оны "Әлем ханымы" кастингіне байқаудың Қазақстандағы ресми өкілі шақырған. Бұл қызметті қазір отандық журналист Арай Әлімхан атқаруда.

Жұлдыз Әбдікәрімованың айтуынша, байқаудың онлайн форматта өтуі оған аса қолайлы болған. Ол сұлулық додасына балаларының қасында жүріп-ақ қатыса алатынына қуанды.

Кейін аталмыш байқауда тағы бір қазақстандық келіншектің қатысып жатқаны хабарланды. Аяна Сұлтанбекова есімді әйел бұл додада Орта Азия атынан шықпақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1891049-zldyz-bdikrimova-lem-hanymy---2020-atandy/

pixel