RU

Нұр-Сұлтан полициясы "ресейлік депутат басқаратын" ұйымға қатысты мәлімдеме жасады

Екеуі жараланып, біреуі қаза тапты: Шуда полицейлерді ұстау бойынша арнайы операция өткізілді
Көрнекі фото: NUR.KZ

Қазнетте аумақтық тұтастықты бұзу мен Қазақстанның Тәуелсіздігін жоюды мақсат еткен белгілі бір ҰАҚ ұйымының бар екендігі туралы хабарлама тарады.

Әлеуметтік желілердегі ақпаратқа сәйкес, ҰАҚ ұйымының басшысы – Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты Евгений Федоров.

Белгілі болғандай, бұл жалған ақпарат. Пайдаланушылардың айтуынша, ҰАҚ ұйымы ашық жұмыс істейді, тіпті Алматы мен Нұр-Сұлтандағы өз кеңселеріне шақырып, қазақстандықтар арасынан жаңа мүшелерін қабылдауда.

Шындығында мұндай ұйым жоқ, дейді StopFake.kz порталының өкілдері.

"Бұл ақпарат тексерілді. Жоғарыда аталған мекен жай бойынша және жалпы, елорда аумағында "ҰАҚ" деп аталатын ұйымның штабы жоқ. Сілтеме фейк, ал осы ұйымда аты аталған адамдар ҚР азаматтары емес. Арандатушылық әрекеттерге бармауларыңызды сұраймыз", – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті.

Факт тексерушілері жалған жаңалықтардың дереккөзі жойылғанын да еске салды.

Еске салсақ, әлеуметтік желіде тауық етіп сатып алмауға кеңес беретін ақпараттар кеңінен тараған еді. Олардың пайымдауынша, "тауықтарға вирус егілген". Сатып алынған құстан "пластик түтіктер" табылғаннан кейін осындай болжам жасалған. Алайда бұл жалған ақпарат болып шықты.

Оған қоса, әлеуметтік желіде "Қазақстандықтарға арналған вакцинадан чиптер табылды" деген ақпарат тарап, көпшіліктің талқысына түскен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891052-nr-sltan-policiasy-resejlik-deputat-baskaratyn-jymga-katysty-mlimdeme-zasady/