Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавлда төбешіктен сырғанап, комаға түскен әйел қайтыс болды

Опубликовано:

Қар үстіндегі сноуборд
Көрнекі фото: piqsels.com

Петропавлда төбешіктен сырғанап ауыр жарақат алған әйел қайтыс болды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді деп хабарлайды Almaty.tv.

Апат бір апта бұрын қалалық Борки ауылындағы шаңғы базасында болған. Солтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнара Қалиева науқастың бірнеше күн ауруханада жатқанын айтты.

"Осы уақытқа дейін ес-түссіз, жансақтау бөлімінде тыныс алу аппаратында жатты. Науқас 24 желтоқсанда таңертең қайтыс болды", – дейді ведомство өкілі.

Еске салсақ, бұған дейін әлеуметтік желіде Петропавл тұрғыны сырғанауға барған соң ауыр халде ауруханаға түсіп, комада жатқаны туралы ақпарат тараған болатын. Бұл мәліметке қатысты Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы пікір білдірді.

Борки қалалық кентінде спортшыларға арналған шаңғы-роллерлі жол бар. Алайда, адамдар мұнда төбешіктер жасап, түрлі жолдармен сырғанайды екен. Оқыс оқиғадан кейін аумаққа қоршау қойылды.

Айта кетейік, Кіші Алматыда төрт және алты жасар екі бала мұз астына түсіп қайтыс болды. Олар ересектердің қарауынсыз ойнап жүрген.

Алматы облыстық ТЖД ақпарынша, аталған дерек 5 қазанда Іле ауданында Түймебаев ауылында тіркелген. Өзенде ойнап жүрген 2014 жылғы және 2016 жылғы екі бала мұз астына түсіп, қайтыс болған. Балалардың денесін туыстары шығарып алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891060-petropavlda-tbesikten-syrganap-komaga-tsken-jel-kajtys-boldy/

pixel