RU

Қай қала тұрғындары жылу үшін басқаларға қарағанда көп ақша төлейді

жылу
Көрнекі фото: pixabay.com

Атырау, Шымкент және Алматы тұрғындары өзге қалалармен салыстырғанда, жылу үшін ең көп төлем жасайды, деп хабарлайды Energyprom.kz.

Биыл қараша айында ел бойынша қалалық жылу беру тарифі бір гигакалорийіне 3,5 мың теңге болды. Бұл өткен жылдағыдан 0,2%-ке артық.

Атыраулықтар 5,5 мың, Шымкентте 5,1 мың және Алматыда 5 мың төлейді. Астаналықтар (2,4 мың теңге), павлодарлықтар (2,3 мың теңге) және Көкшетау тұрғындары (1,8 мың теңге) ең аз төлем жасайды.

Қаңтар-қараша айларында ел 72 миллион гигакалорий жылу энергиясымен қамтылды, өткен жылмен салыстырғанда 1,4%-ке аз.

Павлодар, Қарағанды облыстары мен Алматы қаласы ең көп жылу энергиясын өндірді. Түркістан, Қызылорда облыстары мен Шымкентте, керісінше, ең төмен көрсеткіш.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891062-kaj-kala-trgyndary-zylu-sin-baskalarga-karaganda-kp-aksa-tlejdi/