RU

Білім және ғылым министрінің бұрынғы көмекшісі сотталды

әйел ұсталды
Көрнекі фото: report.az

Білім және ғылым министрінің бұрынғы көмекшісі алаяқтық қылмысы үшін сотталды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұған дейін Білім және ғылым министрінің бұрынғы көмекшісі Күдеровке қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтаған болатын.

Күдеров студенттерге арналған жазғы білім беру стартап-мектебін ұйымдастыруға бөлінген 11 млн теңгеден астам қаражатты алаяқтық жолмен жымқыру күдігіне іліккен еді.

2020 жылғы 25 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласы сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасының үкімімен Күдеров 5 жылға шартты түрде сотталды (ҚР ҚК 28-бабының 5-бөлігі – 190-бабының 4-бөлігі 2-тармағы бойынша)», - делінген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ақпаратында.

Министрдің бұрынғы көмекшісі сондай-ақ, мемлекеттік қызметте 5 жыл мерзімге лауазым атқару құқығынан айырылды.

Естеріңізге сала кетсек, бұағн дейін Батыс Қазақстан облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2020 жылы ең үлкен пара мен мемлекеттік бюджеттен жымқырудың ең көп мөлшері туралы ақпарат берген болатын.

"2019 жылы жымқырудың ең көп мөлшері 423 миллион теңгені, 2018 жылы 200 миллион теңгені, 2017 жылы 168 миллион теңгені құрады. 2020 жылы Батыс Қазақстан облысы бойынша ең үлкен пара 7,8 миллион теңгені құрады. Бұған дейін ведомство басқа сандар дерегі туралы айтқан еді, өйткені бұл іс сотқа жетпеген", – деп түсіндірді департамент бастығының орынбасары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891065-bilim-zne-gylym-ministrini-bryngy-kmeksisi-sottaldy/