Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе қаласында пәтер ұрысы қолға түсті

Опубликовано:

Тәркілеу сәті
Фото: polisia.kz

22 желтоқсан күні күндіз Ақжар-2 тұрғын үй массивінде пәтер ұрлығы жасалды деп хабарлайды Polisia.kz.

Белгісіз адам үйдің пластикалық терезесін сындырып, жасырып түрде зергерлік бұйымдар мен ақша ұрлап кеткен. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері ізін суытпай Шернияз көшесіндегі Алматы облысының 34 жастағы тұрғынының басқаруымен "Toyota Camry-50" автокөлігін тоқтатты.

Автокөлікті тінту кезінде полиция көлік салонының "қобдишасынан" зергерлік бұйымдар мен ірі сомадағы ақшаны тәркіледі.

Ұрлық фактісі бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті Ақтөбе қаласының тергеу изоляторына қамалды. Алдын ала тергеу барысында анықталғандай, күдікті күзет жүйесімен жабдықталмаған үйлерді таңдаған.

Сонымен қатар ұсталған күдіктінің Ақтөбедегі бес пәтер ұрлығына қатысы бары анықталды. Сондай-ақ, ұсталған азаматтың облыс орталығында жасалған басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Еске салсақ, елорда полицейлері ұрлық жасады деген күдікпен жергілікті тұрғынды қолға түсірген болатын.

Ғаламтор желісінде қызбен танысқан ер адам оны кездесуге шақырып, алдын ала болжам бойынша кездесу кезінде қыздың телефонын ұрлаған. Ер адам еш жерде жұмыс жасамайтын 38 жастағы астана тұрғыны болып шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891071-aktbe-kalasynda-pter-rysy-kolga-tsti/

pixel