Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы ТЖД жаңа жыл қарсаңында тұрғындарға үндеу жасады

Опубликовано:

Бенгал оты
Көрнекі фото: piqsels.com

Алматыда жыл сайын жаңа жыл мерекесі қарсаңында 10-нан аса өрт оқиғасы тіркеледі деп хабарлайды "Хабар 24".

Болған өрт оқиғаларының 30 пайызы пиротехника өнімдерін дұрыс пайдаланбаудан болады.

Бұл туралы бүгін онлайн-брифингте Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті басшысының міндетін атқарушы Ерлан Әлібеков хабарлады.

Мәселен, былтыр жаңа жыл түні пиротехниканың кесірінен 5 өрт болып, 4 адам зардап шеккен. Отшашуларды қолдану кезінде қауіпсіздікті естен шығармау керек дейді сала мамандары.

Атап айтқанда, пиротехникалық өнімдерді сатып алғанда, орамның тұтастығына және оның жарамдылық мерзіміне назар аудару қажет. Сондай-ақ 14 жасқа дейінгі балаларға отшашуды өз бетімен қолдануға жол бермеген жөн.

"Бүгінгі таңда 40 рейд өткізіп, 826 келі сертификатталмаған пиротехникалық өнімдер тәркіленген болатын. Мұнымен бірге рейд барысында тұрғындараға пиротехниканы дұрыс пайдалану туралы 2 мыңнан астам ескертпелер таратылды. Полиция қызметкерлері мен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 196 бабының 1 бөлімі бойынша 8 әкімшілік хаттама толтырылды", – деді қалалық ТЖД басшысының міндетін атқарушы Ерлан Әлібеков.

Еске салсақ, Атырау облысында мерекелік іс-шараларға тыйым салынатыны туралы жазған едік.

Жаңа жыл мерекесінде Аяз ата мен ақшақарды күтудің қажеті жоқ. Себебі оларға үй-үйді аралап жүруге тыйым салынды. Корпоративтік кештерге рұқсат жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891077-almaty-tzd-zaa-zyl-karsaynda-trgyndarga-ndeu-zasady/

pixel