Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында газ баллоны жарылып, екі адамды күйік шалды (фото, видео)

Опубликовано:

Оқиға орны
Оқиға орны. Фото: Жамбыл облысы ТЖД

Бүгін күндізгі уақытта Жамбыл облысында жұмысшыларға арналған асхана ретіндегі бейімделген гараж бокстарында жарылыс болды. 2 адам зардап шекті деп хабарлайды облыстың төтенше жағдайлар департаменті.

Оқиға жайлы департамент Instagram-дағы ресми парақшасында мәлімдеді.

25 желтоқсан күні сағат 16.36-да Байзақ ауданында, "Алматы-Ташкент" тас жолының 597 шақырымында, жол бойында құрылысы басталған жем зауытының жұмысшыларға арналған асхана ретіндегі бейімделген гараж бокстарында 50 литрлік газ баллонының жарылуы орын алған.

Ізінше өрт орын алып, 150 шаршы метр алаңға жайылған. Жарылыс салдарынан бокстардың бетон қабырғасы мен 2 ішкі кірпіш қалқандары қирады. Оқиға нәтижесінде 1966 жылғы және 1960 жылғы азаматтарды күйік шалып, олар ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды.

Өрт 17 сағат 02 минутта ауыздықталып, 17 сағат 22 минутта жойылды.

Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінен 22 қызметкер және 6 бірлік техника жұмыс атқарды. Сондай-ақ өрттің себебін анықтау үшін оқиға орнына жылжымалы өрт-техникалық зертханасы жөнелтілді.

"Түрлі сипаттағы жарылыстар мен өрт қауіпті жағдайларды болдырмау үшін газ баллондары қауіпсіз сақталуы әрі сауатты түрде пайдаланылу тиіс. Бұл өз кезегінде қатаң ережелермен реттеледі. Ал қауіпсіздік ережелерін сақтамау аса көлемді айыппұлдар мен қайғылы жағдайларға әкеліп соғатынын естен шығармайық", – делінген департамент жазбасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891078-zambyl-oblysynda-gaz-ballony-zarylyp-eki-adamdy-kjik-saldy-foto-video/

pixel