Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар коронавируспен күресте пайдалы табиғи өнімдерді атады

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pixabay.com

Әлемде коронавирусқа қарсы вакциналар көбейіп келе жатқанына қарамастан, ғалымдар әлі де ауруға дәрі-дәрмектің көмегінсіз қарсы тұрудың жолын іздеп жатыр деп хабарлайды "Московский комсомолец" басылымы.

Басылым мәліметінше, бұны ғалымдар коронавирустың адамзатқа болашақта да қауіп төндіретінімен байланыстырып отыр. Сол себепті әр елдің ғалымдары инфекцияның алдын алып, таралу қаупін азайтудың жолын іздеуде.  

Бұл ізденістегі басым бағыттардың бірі – тамақ ғылымы мен тамақтану.

Ғалымдар дүкеннен алынған тауарлардың коронавируспен күрестегі әсерін зерттеді. Осылайша, ауру ағымына әсер ететін бірнеше өнімді атады:

  • балық (тунец);
  • қара шоколад пен жүзім;
  • айран;
  • грейпфрут тұқымы сығындысы;
  • низин – бактериялар шығаратын және көптеген консервіде кездесетін табиғи тағам консерванты. Ол Е234 нөмірімен де белгілі.
  • теңіз балдырлары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891084-galymdar-koronaviruspen-kreste-pajdaly-tabigi-nimderdi-atady/

pixel