Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін Қазақстанда ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Көрнекі фото
Көрнекі фото: pexels.com

Синоптиктер бүгін Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Мамандар ұсынған ақпаратқа сәйкес, 26 желтоқсанда еліміздің басым бөлігіне фронталды ағындарың әсерінен кей жерлерде көбінесе қар жауады.

Қазақстанның оңтүстігінде жел күшейіп, көктайғақ болады, дейді олар.

Кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.

Синоптиктер тек республиканың батыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында күн райы ашық болатынын жеткізді.

Олардың сөзінше, Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді.

"Ақмола, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады. Түнде Алматы, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде қатты аяз болады", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін синоптиктер алдағы қыс қандай болатынын хабарлады.

Ауа райын болжаушылардың мәліметінше, 2020-2021 жылдардың қысы өткен жылғы қысқа ұқсас, яғни жылы және жауын-шашынды болады деп болжанып отыр.

Сонымен қатар, қазақстандық белгілі астролог Ирина Әбдірайымова желтоқсан айына болжам жасаған болатын.

Әбдірайымова желтоқсандағы өзгерістерді Айдың және Күннің тұтылуымен байланыстырып отыр.  

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891089-bgin-kazakstanda-aua-rajy-kandaj-bolady/

pixel