RU

Әйелімен ұрысып қалған ер адам он шақты көлікке зақым келтірді

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Ішімдікке сылқия тойып алған ер адам Киев маңындағы Софиевская Борщаговка елді мекеніндегі тұрғын үй жанындағы тұрақта ондаған көлікке зақым келтірді деп хабарлайды korrespondent.net. 

Киев полициясыны ұсынған ақпаратқа сәйкес, ер адам мұндай әрекетке әйелімен жанжалдан кейін барған.

Тәртіп бұзушының кім екені бақылау камераларының көмегімен анықталыпты.

"Күзет қызметкерлері арнайы құралдарды қолдана отырып, бұзақыны қуып жетті. Тек өз өкілеттіктері мен қолданыстағы заңнама аясында әрекет етіп, полиция келгенге дейін күдіктіні ұстады. Қазір оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатыр", – деді күзет өкілдері.

Еске сала кетсек, осыған дейін Шымкент қаласында мас болып алған әйел адам мектепте жанжал шығарып, полиция қызметкерімен төбелесіп қалғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891100-jelimen-rysyp-kalgan-er-adam-on-sakty-klikke-zakym-keltirdi/