Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мереке күндері Нұр-Сұлтан қаласында сауда ойын-сауық орталықтары қалай жұмыс істейді

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Елордада мереке күндері сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, кинотеатрлардың қалай жұмыс істейтіні белігі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған онлайн кездесу барысында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Шағалтаева алдағы 27 желтоқсан мен 2021 жылғы 3 қаңтар мереке күндеріне жатпайтынын, сәйкесінше осы күндері сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің және сауда орталықтарының жұмысына тыйым салынғанын түсіндірді.

Елорданың бас санитар дәрігерінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы қаулысы бойынша, аталған нысандардың қызметіне жұмыс күндері 10:00-ден 23:00-ге дейін, сенбі және мереке күндері 10:00-ден 20:00-ге дейін рұқсат берілген.

25 желтоқсаннан бастап қызметін қайта бастайтын, сыйымдылығы жалпы орындар санының 30 пайызынан аспауы тиіс кинотеатрлардың жұмысына қатысты келер болсақ, 24:00-ге дейін рұқсат етілген.

Алайда СОСО-да орналасқан кинотеатрларға жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынғаны белгілі болды.

Елорданың Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қуанышбек Мұқаш еліміздің астанасы "сары" аймақта орналасқандығын ескере отырып, кәсіпкерлерді қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды.

Ведомство апта сайын санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдерімен коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі іс-шаралардың сақталуы туралы қаланың кәсіпкерлерімен апта сайын кездесулер ұйымдастырады.

Еске сала кетсек, осыған дейін 22 желтоқсанда ел астанасы Нұр-Сұлтанда барлық жаңа жылдық шыршалардың шамы жағылатынын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891104-mereke-knderi-nr-sltan-kalasynda-sauda-ojyn-sauyk-ortalyktary-kalaj-zmys-istejdi/

pixel