RU

Алматыда түнгі клубтың алдында ер адамды өлтіріп кетті

Место убийства в Алматы
Фото: zakon.kz

Алматыда түнде Алмалы ауданында орналасқан түнгі клубтың алдында адам өлімі тіркелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, үш адам түнгі клубта ішімдік ішкен.

Олардың арасындағы сөз дауының арты жанжалға ұласқан. Төбелестің артынан 29 және 28 жастағы ер адамдар пышақ жарақатын алғаны белгілі болды.

Олардың бірі өкінішке орай, алған жарақатынан қаза тапқан.

Полиция департаменті 36 жастағы күдіктінің қолға түскенін хабардар етті.

Қазіргі уақытта бұл жағдай бойынша Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 99бабының 2-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу басталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891108-almatyda-tngi-klubty-aldynda-er-adamdy-ltirip-ketti/