RU

Коронавирус: Елімізде тағы үш өңір "қызыл" аймаққа кірді

Коронавирус
Көрнекі фото: Mike Hewitt/Getty Images

Елімізде коронавирусты таратпау жөніндегі ВАК өзінің ресми Telegram-арнасында 2020 жылғы 26 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, "қызыл" аймақта Атырау облысы әлі де бар.

Сонымен қатар, бүгін бұл тізімге Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстары да кірді.

"Сары" аймақта: Нұрсұлтан, Алматы, Солтүстік Қазақстан облысы.

Еліміздің қалған өңірлері "жасыл" аймақта.

Айта кетерлігі, Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 753 адам тіркелген.

Осылайша, қазіргі уақытта елімізде COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 150 951-ге жетіп отыр.

Естеріңізде болса, Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиеваның қаулысымен бүгіннен бастап қаладағы кинотеатрлардың жұмысына рұқсат етілді.

Сонымен қатар мереке қарсаңында мейрамханалардың, кафелердің, барлардың, асханалардың жұмыс уақыты үлкен кезектер туындауына жол бермеу мақсатында 24:00-ге дейін ұзартылады.

Бұл ретте ғимарат ішінде 30 орыннан артық болмауы, санитарлық-эпидемиологиялық, санитарлық-профилактикалық шараларды сақталуы, үстелдер арасында кемінде 2 метр әлеуметтік арақашықтық сақталуы, әр үстелге 4-6 адамнан артық отырғызылмауы керек.

Сондай-ақ 25 желтоқсаннан бастап елордада супермаркеттер мен гипермаркеттерге де тәулік бойы жұмыс істеуге рұқсат берілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891135-koronavirus-elimizde-tagy-s-ir-kyzyl-ajmakka-kirdi/