Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұрқасын, көктайғақ, жел: Бүгін елімізде ауа райы қандай болмақ

Опубликовано:

Қыс
Көрнекі фото: NUR.KZ

Бүгін еліміздің батыс және оңтүстік-шығыс бөліктерінде жауын-шашын күтілуде. Ал солтүстік, шығыс және орталығында ауа райы жауын-шашынсыз болмақ. Республиканың батысында және оңтүстігінде көктайғақ, кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын және желдің күшеюі болжанады деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Синоптиктер болжамына сәйкес, Батыс Қазақстан, Қостанай, Жамбыл облыстарында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Атырау, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман және көктайғақ болжанады. Күндіз Атырау облысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман күтіледі, күндіз Ақтөбе облысында жел 15-20 м/с артады.

Сондай-ақ Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде кей жерлерде қатты аяз болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891150-brkasyn-kktajgak-zel-bgin-elimizde-aua-rajy-kandaj-bolmak/

pixel