RU

Талдықорған маңынан жоғалып кеткен ер адамның өртелген көлігі табылды

өртенген көлік
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы облысында жоғалып кеткен 34 жастағы азаматты өртеніп кеткен көлігі табылды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

22 желтоқсанда Талдықорған полициясына Азат Теміртасов есімді жігіттің жоғалғаны туралы арыз келіп түскен.

1986 жылы туған ер адам 21 желтоқсанда көлігімен Қарабұлақ ауылына шығып, із-түзсіз кеткені анықталды.  

Полиция қызметкерлері еріктілерді тарта отырып, Талдықорғанда және жақын елдімекендерде іздеу шараларын ұйымдастырды.  

Әзірге Талдықорған маңындағы Бақтыбай елдімекенінде іздеу салынған адамның көлігі табылып отыр ол толығымен өртеніп кеткен.

"Іздеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Алайда ашылған жаңа фактілер ескеріле отырып, іздестіру ісі қайта қаралып, Қылмыстық кодекстің 99-бабына (Адам өлтіру) ауыстырылды", - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жоғалған Азат Теміртасовтың ерекше белгілері: бойы – 177 сантиметр, қара шашты, қой көзді.

Adidas деген жазуы бар спорт күртесін, көк түсті спорт костюмін және қара спорт аяқ киімін киіп кеткен. Оны көрген-білгендер болса, жергілікті полицияға хабарласуына болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891160-taldykorgan-maynan-zogalyp-ketken-er-adamny-rtelgen-kligi-tabyldy/