RU

Бұрынғы әйелінің тұрмысқа шығатынын естіген ер адам оны өлтіріп кетті

сотталды
Көрнекі фото: Sputnik / Илья Питалев

Қазанда (Татарстан) ер адам бұрынғы әйелі басқа біреуге күйеуге шығатынын білген бойда оны өлтіріп кеткен. Бұл туралы Ресей тергеу комитетінің Татарстандағы тергеу басқармасы басшысының аға көмекшісі Андрей Шептицкий хабарлады деп жазады Sputnik Қазақстан.

Оның айтуынша, 38 жастағы Қазан тұрғыны өзінің бұрынғы әйелінің жоспарланған үйлену тойы туралы естіген соң бірден оның үйіне барған.

Ашуға булыққан азамат келіншекті ұрып-соғып, балконда буындырып өлтірген.

Ажырасқаннан кейін олар бір-бірімен араласпай, бөлек тұрған көрінеді.

Әйелдің денесі кеше табылған.

Бұл факті бойынша "Адам өлтіру" бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Ұсталған ер адам өз кінәсін мойындаған. Жақын арада ол қамауға алынады.

Қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталады.

Естеріңізге сала кетсек, бұға дейін Қарағандыда жергілікті тұрғын отбасылық жанжал кезінде өз әйелін өлтіріп алып, қатты күйзеліске түскені туралы жазған болатынбыз.

Қазір ер адам жазасын АК-159/7 түзеу мекемесінде өтеп жатыр. Онда айыпталушыны Қарағанды облыстық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған соты жіберген.

Ол болған жағдайды әр күн сайын есіне алып, әйелінің өлімі үшін өзін кешере алмауда.

Бұның барлығы қызғаныштан басталыпты. Ер адам әйелі алдап жүр деп күдіктенген. Сол күні жағдайға көзі жетпей, әйелінің сөздеріне құлақ аспай және ажырасуға өтініш бермей сүйітісін ұра берген. Дәрігерлер әйелді құтқара алмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891162-bryngy-jelini-trmyska-sygatynyn-estigen-er-adam-ony-ltirip-ketti/