RU

Ер адам екі баласын өлтіріп, өзіне қол салды: Қайғылы оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Ер адам
Көрнекі сурет: pixabay.com

Башқұртстанда ер адам әйелімен жанжалдасып қалғаннан кейін екі баласын өлтіріп, өзіне қол жұмсады деп хабарлайды РИА Новости.

Басылым мәліметінше, қайғылы жағдай 26 желтоқсанда орын алған.

Сол күні Уфа полиция қызметіне марқұмның жұбайы балаларының жоғалғаны туралы арызбен жүгінген.

Әйелдің сөзінше, күйеуі балаларды киіндіріп, көлікке отырғызып, белгісіз бағытқа кетіп қалады.

Көп ұзамай тәртіп сақшылары Давлекановский ауданында ер адамның көлігін тапқан. Көліктің ішінде отағасы мен бір және алты жастағы екі баланың денесі жатқан. Алдын ала болжам бойынша бүлдіршіндер газдан уланған.

Тергеудің алдын-ала нұсқасы бойынша, әкесі "балаларын өлтіріп, өз өзіне қол салған".

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891183-er-adam-eki-balasyn-ltirip-zine-kol-saldy-kajgyly-okigany-mn-zajy-belgili-boldy/