Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында 5 күн бұрын жоғалған ер адамның денесі табылды

Опубликовано:

Көрнекі фото
Көрнекі фото: pexels.com

Ақмола облысында бес күн бұрын жоғалған ер адамның денесі табылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство ұсынған ақпаратқа сәйкес, марқұмның әйелі, дүйсенбі, 21 желтоқсан күні полицияға қоңырау шалып, күйеуі Жарқайың ауданы Костычево ауылына танысының үйіне барғанын айтқан. Таңғы жеті шамасында қайта жолға шыққан, дейді ол. 

Аудандық полиция, құтқарушылар бөлімінің жеке құрамы мен Жарқайың, Есіл аудандарының еріктілері, марқұмның туыстары мен жергілікті тұрғындар іздеуге шықты. 

Олар қарда жүретін техника және алты көлік көмегімен табуға тырысқан. Далада салт аттылар да іздеу шарасына қосылыпты..

Топ ауыл маңын зерттеп, Коко өзенінің жағалауын тексерді. Костычево және жақын жердегі Донское ауылы тұрғындарынан сұрастырды.

Волонтерлер Сағынтай Сұлтанов пен Александр Вольф ер адамның денесін 26 желтоқсан күні тапқан. Ол Костычево ауылынан батысқа қарай алты шақырым жерде болған. 

Полиция қызметкерлері өзгенің қайғысына бей-жай қарамаған тұрғындарға алғыс білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891193-akmola-oblysynda-5-kn-bryn-zogalgan-er-adamny-denesi-tabyldy/

pixel