RU

Әлеуметік желіде тәртіп сақшыларының соққыға жығылған видеосы пайда болды

Тәртіп сақшысы
Көрнекі фото: pixabay.com

Әлеуметтік желіде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің формасын киген адамдардың төбелесі бейнеленген видео пайда болды.

Ролик Instagram желісіндегі 100baksoff_video парақшасында пайда болған. Автор оқиғаның қайда болғанын сұраған.

Кадрларда бірнеше адамның полиция қызметкерінің киімін киген ер адамға шабуыл жасағанын көруге болады. Тағы бір тәртіп сақшысы тапаншасын алып, ауаға оқ атып, төбелес шығарғандардың орнынан қозғалмауын талап еткен.

Желі қолданушыларының басым көпшілігі құқық қорғаушылардың сырт киіміндегі "милиция" деген жазуға мән беріп, оқиға Қырғызстанда болды деп есептеген.

АКИpress басылымының жазуынша, видеоның расында да Қазақстанға еш қатысы жоқ екен. Анықталғандай, бұл оқиға Бішкекте орын алған болып шықты.

Басылымның ақпаратынша, тәртіп сақшылары 7-Апрель-Токомбаев қиылысында Volkswagen автокөлігін тоқтатқан.

Жүргізушіден спирттің иісі шыққан. Полицейлер жүргізушіден құжаттарын көрсетуді сұраған. Алайда көлік тізгіншісі мен жолаушы бейәдеп сөздер айтып, жанжал шығарған.

Ұсталғандар кіші сержанттың погонын жұлып алып, басқа қызметкерлерге шабуыл жасағаны хабарланды.

2004 және 1990 жылы туған ер адамдар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891199-leumetik-zelide-trtip-saksylaryny-sokkyga-zygylgan-videosy-pajda-boldy/