RU

Елімізде өткен тәулікте 733 адамнан коронавирус анықталды

Коронавирус
Көрнекі фото: pixabay.com

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус бойынша елдегі эпидемиологиялық жағдайға қатысты соңғы деректерді жария етті деп хабарлайды Coronavirus2020.kz Telegram арнасы.

Қазақстанда өткен тәулікте 733 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 57

Алматы қаласы - 83

Шымкент қаласы - 4

Ақмола облысы - 54

Ақтөбе облысы - 4

Алматы облысы - 57

Атырау облысы - 133

Шығыс Қазақстан облысы - 49

Жамбыл облысы - 17

Батыс Қазақстан облысы - 39

Қарағанды облысы - 39

Қостанай облысы - 62

Қызылорда облысы - 1

Маңғыстау облысы - 2

Павлодар облысы - 65

Солтүстік Қазақстан облысы - 57

Түркістан облысы - 10

Осылайша, ел бойынша ауырғандардың жалпы саны 152 460-қа жетті.

Еске сала кетсек, Қазақстанның бұрынғы денсаулық сақтау министрі, Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті директорлар кеңесінің төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Жақсылық Досқалиев коронавирус туралы мәлімдеме жасады.

Досқалиевтың айтуынша, коронавирус тұмау сияқты адамның тыныс жолдарын, өкпесін зақымдайды. Ал өкпе – ашық орган және ол сыртқы ауамен тікелей байланысты.

"Сол себепті коронавирустың ең алғашқы зиян келтіретін нысанасы – өкпе. Кейін бауыр, бүйрек, жүректің жұмысын нашарлатады. Өкпе істен шыққаннан соң, адам ағзасында оттегі жетіспеушілігі пайда болады. Ал оттегіне өте тәуелді орган – адамның миы. Организмде 15 минут оттегі болмаса, ми қайта тірілмейді", - деді профессор.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891211-elimizde-tken-tulikte-733-adamnan-koronavirus-anyktaldy/