RU

Қар, көктайғақ, бұрқасын: Қазақстанның бірнеше өңіріне дауылды ескерту жасалды

Ауа райы
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Бүгін, 28 желтоқсанда Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райы нашарлауы мүмкін. Синоптиктер дауылды ескерту жариялады деп хабарлайды Қазгидромет.

28 желтоқсан Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Орал қаласында тұман, көктайғақ, түнде жаяу бұрқасын күтіледі.

Ақмола облысында күндіз басым бөлігінде қар жауады. Кей жерлерінде бұрқасын, тұман болжануда. Көкшетауда күндіз жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.

Қостанай облысының басым бөлігінде қар. Кей жерлерінде тұман, бұрқасын болуы мүмкін.

Синоптиктер Қостанай қаласында 28 желтоқсанда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады деп болжауда.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, таңертең облыстың батысында тұман күтіледі.

Нұр-Сұлтанда күндіз 28 желтоқсанда жаяу бұрқасын, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болуы ықтимал.

28 желтоқсанда Түркістан облысы мен Шымкентте тұман күтіледі.

Күндіз 28 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар, кей жерлерде тұман, бұрқасын болуы мүмкін.

Петропавл қаласында 28 желтоқсанда жаяу бұрқасын болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891217-kar-kktajgak-brkasyn-kazakstanny-birnese-irine-dauyldy-eskertu-zasaldy/