Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық банк "терапиялық әсері" бар жаңажылдық сыйлықтар тарту етпек

Опубликовано:

Қолөнер
Көрнекі сурет: Еуразиялық банк

Жаңа жылды қарсы алуға дайындық шаралары, әсіресе пандемия кезінде тек қуаныш сыйлап қана қоймайды. Қазақстандық банк қайырымдылық ұйымынан корпоративтік сыйлықтар сатып алды.

"Коронавирустық дағдарыс біздің жұмысымызға әсер етті - әзірге біз іс-шаралар, мерекелер ұйымдастыра алмаймыз. Ал біздің тәрбиеленушілер шынымен де қоғаммен аралсуға, олардың ықыласына бөленуге зәру. Олар үшін бұл өте маңызды", - дейді Халықаралық әлеуметтік жобалар қауымдастығының атқарушы директоры Сильвия Галбиати.

Колөнер
Көрнекі сурет: Еуразиялық банк

Одан бөлек жұмыспен қамту және әлеуметтік инфрақұрылым мәселесі де өзекті болып отыр. Қауымдастық өз тәрбиеленушілері қоғамның тең құқықты мүшесі болуын қамтамасыз ету үшін жұмыс істеуде. Мәселен, "МАСП қолөнер үйі" жобасының көмегімен бірқатар жұмыстар атқарылды. Аталмыш қолөнер үйінде ерекше қажеттіліктері бар жастар қолданбалы қолөнер дағдыларын игереді: олар тоқыма бұйымдарын, кәдесыйларды және тағы басқа бұйымдарды жасайды. Және олар тіпті алғашқы табысына да қол жеткізуде.

"Қолөнер үйі" әр түрлі ұйымдарға, оның ішінде қаржы институттарына әрдайым жүгініп отырады, десе де құр қол жүгінбейді - қызметкерлер өз қолымен жасаған тауарларын ұсынады. Мәселен, Еуразиялық банк биыл "Қолөнер үйінің" өнімдерін корпоративтік сыйлықтарға сатып алу туралы шешім қабылдады.

"Бізге қолдау көрсеткісі келетіндер бары керемет. Бізде оңалту курстары, тәрбиеленушілерді интеграциялау бағдарламалары, әлеуметтік осал отбасылардың балалары үшін ұзартылған күн тобы, мұқтаж жандарға материалдық көмек қарастырылған - мұның бәрі демеушілердің қаражаты есебінен қаржыландырылады. Біздің ұйым дәл осындай көмектің арқасында жұмыс істеуде", - деп қосты Сильвия.

Әлемді өзгерткіңіз келсе, өзіңізден бастаңыз!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891227-kazakstandyk-bank-terapialyk-seri-bar-zaazyldyk-syjlyktar-tartu-etpek/

pixel