Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Германияда коронавирусқа қарсы вакцинациялау басталды

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі фото: Smith Collection/Gado/Getty Images

Германияда 27 желтоқсанда COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау басталды. Ең алдымен екпе қариялар мен қарттар үйінің қызметкерлеріне салынуда деп жазады РИА Новости.

Pfizer/BioNTech вакцинасы Еуроодақта тіркелгеннен кейін Германияға әкеліне бастаған. Алғашқы лекте 100 мың доза жеткізілген. Германия билігі жыл соңына дейін Pfizer/BioNTech вакцинасының 1,3 миллион дозасын алуды жоспарлап отыр.

Осы ретте коронавирусқа қарсы екпе қарт адамдарға егіле бастаған.

"Алғашқы екпе салынған адам 101 жаста, одан кейінгілері де 100 жастан асқандар. Осылайша, екпе салынған алғашқы үш адам да 100 жастан асқан... Мен бірінші вакцинацияланған Хазе ханыммен сөйлестім, оның жағдайы жақсы. Ол бәрін жеңіл өткергенін, ауырсыну сезінбегенін айтты", - дейді Денсаулық сақтау бойынша Берлин сенаторы Дилек Калайчи.

Калайчидің сөзінше, ол вакцинация жүргізіліп жатқан Берлиндегі қарттар үйіне де барған. Ондағы 97 адамның 90-ы екпеге келіскен.

Германияда 80 жастан асқан азаматтар, қарттар үйіні тұрғындары мен оларға қызмет көрсетушілерге алғашқы болып вакцинация жасалады.

Еске сала кетсек, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ОКҚ өткен онлайн-брифинг кезінде оқушыларға коронавирусқа қарсы вакцина мәжбүрлі түрде салына ма деген сауалға жауап берген еді.

Сонымен бірге Аймағамбетов коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина клиникалық кезеңге дейінгі сынақтан өткенін, енді үшінші саты басталғанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891230-germaniada-koronaviruska-karsy-vakcinacialau-bastaldy/

pixel