RU

Қанға боялған аялдама Өскемен тұрғындарын шошытты

Қанға боялған аялдама
Фото: instagram.com/uka.obiavleniia

Әлеуметтік желіде қанға боялған жылы аялдаманың фотосы пайда болды. Бұл жағдай Өскемен тұрғындарын алаңдатты. Адамдар мұнда қандай да бір сұмдықтың болуы мүмкін деп қорықты. Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті суретке қатысты түсініктеме берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото Instagram-дағы жергілікті парақшалардың бірінде жарияланды.

"Автобасқарудағы" жылы аялдама қанға боялған", – делінген жазба сипаттамасында.

Өскемен тұрғындары бұл жағдайға қатысты алаңдаушылық білдірді. Көпшілік мұнда бір сұмдық оқиғаның болғаны анық деп болжай бастады.

Фото: instagram.com/uka.obiavleniia

Әлеуметтік желідегі хабарламаға Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті пікір білдірді. Жазбаның астында департаменттің ресми парақшасынан не болғанын түсіндірген пікір қалдырған.

ПД хабарлауынша, 27 желтоқсанда Өскеменнің 54 жастағы тұрғыны дене жарақаттарымен бірінші қалалық ауруханаға жүгінген. Факт белгіленген тәртіпте тіркелді.

"Тексеру барысында "АвтоБасқару" аялдамасының жабық павильонында танысы арасында жанжал болып, дене жарақатын алғандығы анықталды", – деп хабарлады департамент.

Олар күдіктіні анықтағандықтарын атап өтті. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Еске салсақ, Алматыда түнгі клубтың алдында ер адамды өлтіріп кеткені туралы жазған едік. Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, үш адам түнгі клубта ішімдік ішкен. 29 және 28 жастағы ер адамдар пышақ жарақатын алғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891240-kanga-boalgan-aaldama-skemen-trgyndaryn-sosytty/