RU

Өскеменде қатты аяз салдарынан көпірде жарық пайда болған (видео)

Өскеменде көпір шытынады
Фото: instagram.com/vazteamyka

Өскемен тұрғыны Защитинский көпіріндегі ұзын жарықты камераға түсіріп, бұл жермен жүру қауіпті екенін айтты. Жағдайға қатысты қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар транспорты және автокөлік жолдары бөлімі пікір білдірді деп жазады YK-news.kz.

Көпірде пайда болған жарыққа алаңдаулы тұрғынның видеожазбасы әлеуметтік желіде пайда болған.

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар транспорты және автокөлік жолдары бөлімі роликке пікір білдірді.

Ведомствоның хабарлауынша, тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен көпірге тексеру жүргізілген.

"Ауа температурасының төмендеуінен арқалықтар деформацияланған. Келген зақым ешқандай қауіп төндірмейді", - дейді бөлім.

Қалпына келтіру жұмыстары ауа температурасы жақсарғаннан кейін жүргізілетіні атап өтілді. Қазіргі уақытта көпірде қозғалыс қалыпты режимде жүріп жатыр.

Еске сала кетсек, Тараз тұрғындары қырурар ақшаға салынып, үш жылға жетпей жарамсыз болуға аз қалған өткелдің екіге бөліне бастағанын видеоға түсіріп, дабыл қаққан еді.

Шаһардың екі бөлігін жалғаған жалғыз нысанның апатты жағдайда тұрғаны күнделікті өткен мыңдаған жолаушыға қауіп төндіруде.

Ені 28, ұзындығы 315 метр болатын құрылыс 2016 жылы басталып, 2018 жылы аяқталған болатын. Оның салынуына шамамен 1,9 млрд теңге жұмсалған. Алайда, қырурар қаржыға тұрғызылған нысан үш жылға жетпей, сыр бере бастаған. Көпірде жарықшақтар пайда болып, тұрғындардың үрейін тудырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891268-skemende-katty-aaz-saldarynan-kpirde-zaryk-pajda-bolgan-video/