RU

Жамбыл облысының мың тұрғынына коронавирусқа қарсы вакцина салынбақ

Вакцинация
Көрнекі фото: Andreas Rentz/Getty Images

Жамбыл облысында коронавирусқа қарсы QazCovid-in қазақстандық вакцинасының клиникалық зерттеулерінің үшінші кезеңі басталды. Осы кезең аясында облыстың 1000 тұрғыны коронавирус вакцинасын алады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен сенбіде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қалалық көпсалалы ауруханасында болып, дәрігерлермен вакцинация туралы әңгімелесті.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Әсет Қалиев вакцинация үшін еріктілер қалай таңдалғанын айтты.

Яғни оларды таңдауда дені сау екені, аурудың ауыр формалары мен аллергиялық реакциялардың болмауы есепке алынған.

"10 күн ішінде мың жамбылдыққа вакцина егу жоспарланып отыр. Еріктілермен келісім жасалады. Инъекциялардан кейін зерттелушілер антиденелер мен иммунитетке тексеріледі. Бірінші және екінші кезеңдерде тесттерге 244 қазақстандық қатысты. Барлығы ойдағыдай өтті. Жанама реакциялар мен асқынулар жоқ", – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы.

Сонымен қатар, әкім вакцина алған азаматтармен сөйлесті. Олардың айтуынша, олар өзін жақсы сезінеді және жақындарына вакцина алуға кеңес беруді жоспарлап отыр.

Сапарбаев вакцинация вирустың таралуын тоқтатудың ең тиімді әдісі екенін атап өтті. Әкім зерттеу Жамбыл облысында жүргізіліп жатқанын, өйткені вакцина шығаратын зауыт салынып жатқанын айтты.

Еске салсақ, Германияда 27 желтоқсанда COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау басталды. Ең алдымен екпе қариялар мен қарттар үйінің қызметкерлеріне салынуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891281-zambyl-oblysyny-my-trgynyna-koronaviruska-karsy-vakcina-salynbak/