Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайтыс болған клиентінің шотындағы ақшаны пайдаланған семейлік сотталды

Опубликовано:

Банктік карта
Көрнекі фото: pixabay.com

Семей тұрғыны қайтыс болған пәтер жалдаушының банктік шоттарын пайдаланғаны үшін сотталды деп хабарлайды YK-news.kz №2 қалалық сот материалдарына сілтеме жасап.

Іс материалдарында қала тұрғынының бірнеше уақыттан бері жұмыссыз ретінде есепте тұрғаны көрсетілген. Ер адамның жұмысқа орналасуына есірткіге тәуелділігі кедергі болған. Ол өз баспанасының бір бөлмесін жалға беру арқылы күнелткен.

Оның соңғы жалға алушыларының бірі қатты ауырып қалыпты. Семейлік көршісіне көмектесіп, сеніміне кіріп алғаны соншалықты, науқас дәрі мен азық-түлік алу үшін өзінің банктік картасын пәтер иесіне сеніп берген.

Кейінірек пәтер жалдаушы қайтыс болған. Жерлеу рәсімінен кейін қалалық марқұмның заттарын жинап, туыстарына берген. Алайда ол марқұмның бұрынғы әйеліне өтірік айтып, ұялы телефон мен банк картасын өзіне қалдырған.

Осыдан кейін ер адам марқұмның ақшасын белсенді түрде қолданып, депозитегі ақшаны аударып, өз қажетіне жұмсаған.

Қайтыс болған ер адамның әйелі бұрынғы күйеуінің депозиттен ірі сомадағы ақша шешіп жүргенін білген.

Келіншек бірден полицияға жүгінген. Тәртіп сақшылары тез арада істің мән-жайын анықтаған.

Семейлік ұсталып, ол қылмысын мойындаған. Күдікті 800 мың теңгеден астам шығын келтірген.

Нәтижесінде сот ер адамның өздігінен мойындағанын ескеріп, бір жарым жылға бас бостандығын шектеу, 100 сағаттық мәжбүрлі жұмыс істету жазасын берген. Одан бөлек ол есірткіге тәуелділіктен емделуі керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891283-kajtys-bolgan-klientini-sotyndagy-aksany-pajdalangan-semejlik-sottaldy/

pixel