Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Kcell: Еліміздің бірнеше аймағында желі сапасы жақсара түсті

Опубликовано:

Фото
Фото: Pexels.com

Kcell мен Activ абоненттері Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында желі сапасының жақсара түскенін байқаған. Бұл MOCN технологиясы аясында жасалған ұялы байланыс операторлар желісін бірлесе пайдалану туралы келісімшарттың арқасында мүмкін болып отыр.

Ұялы оператор ұсынған деректерге сүйенсек, 17 қала (Абай, Атбасар, Арқалық, Балқаш, Бурабай, Бұқтырма, Жаңатас, Затобол, Қостанай, Рудный, Саран, Степногорск, Үржар, Федоровка, Шемонаиха, Щучинск, Екібастұз) MOCN немесе Multi Operator Core Network технологиясына ауыстырылған. Бұл - ұялы операторға желі жабдығын ғана емес, сонымен бірге, радиожиілік спектрін де бірлесе пайдалануға мүмкіндік беретін стандарт.

Спектрді бірлесе пайдалану технологиясы Қостанай, Екібастұз, Абай, Бурабай, Рудный, Арқалық, Затобол, Степногорск, Үржар, Шемонаиха және өзге де қалалардағы, ауылдар мен қала үлгісіндегі ауылдардағы 4 G стандартында жұмыс істейтін базалық станцияларда іске қосылған.

"Жаңа телекоммуникациялық желіні бірлесе пайдалану шығындарды азайтып, абоненттерге интернет қызметтерді пайдалану кезінде деректерді табыстауды анағұрлым жоғары жылдамдықта қолдануға мүмкіндік бермек. MOCN бағдарламасы мен технологиясының арқасында әр оператор жиіліктерді барынша тиімді пайдалана алады.

Бұл желіге түсетін жүктемелерді азайтып, пайдаланушылар деректерді жүктеу кезінде тап болуы мүмкін қиындықтарды болдырмайды. Мобильді интернет трафигінің өсуі біркелкі болмаған жағдайда мұның маңызы арта түседі. Мәселен, демалыс және мейрам күндері кей аудандарда мобильді интернет трафигінің өсуін байқасақ, жұмыс күндері трафик басқа аудандарда артады.

Бұл смартфон пайдаланушылары базасының кеңеюімен және олардың онлайн қызметтерге деген қызығушылығының артуымен, сондай-ақ абоненттердің елдімекендер арасындағы көші-қонымен байланысты туындап отыр. MOCN жобасы желі жүктемесін болдырмауға мүмкіндік бермек.

Ал пайдаланушылар үшін бұл мобилді интернет жылдамдығының тұрақты болуын қамтамасыз етеді", - деп пікір білдірді "Кселл" АҚ бас техникалық директоры Асқар Есеркегенов.

Асқар Есеркегеновтің айтуынша, аталған жоба Қазақстанның сандық экономикасына жақсы әсер етпек. Сонымен бірге, бұл әлеуметтік бағыттағы жоба болып саналады. Себебі, ол жоғары жылдамдықтағы мобильді интернет пен заманауи технологияларды республикалық маңызы бар қалаларда ғана емес, өзге де елді мекендерде пайдалануға жол ашады.

"2021 жылы біз Қазақстан аймақтарында желіні дамытуды жалғастыратын боламыз. Мұндай аумағы үлкен елді сапалы байланыспен қамтамасыз ету – біздің алдымызда тұрған басты стратегиялық міндеттердің бірі болып отыр. Біз оны міндетті түрде орындаймыз", - дейді Kcell компаниясының стратегиялық даму департаментінің директоры Айбек Нұрқадыр.

* PR құқында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891288-kcell-elimizdi-birnese-ajmagynda-zeli-sapasy-zaksara-tsti/

pixel