Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өмірзақ Шөкеев пен орынбасары Арыста аяқ киім сатып алды (фото)

Опубликовано:

Умирзак Шукеев смотрит обувь
Фото: facebook.com/saken.kalkamanov

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен орынбасары Арыс қаласына жұмыс сапарымен барып, аяқ киім сатып алды. Бұл туралы Сәкен Қалқаманов Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оның айтуынша, жергілікті аяқ киім шығаратын цехтан небәрі 15 мың теңгеге қыстық мокасин сатып алған.

Өте ыңғайлы әрі өте жылы аяқ киімді енді үнемі киіп жүремін, дейді облыс әкімінің орынбасары.

Өмірзақ Шөкеевтің немересіне ешкі терісінен тігілген етік сатып алғаны белгілі болды.

Балалар аяқ киімінің бағасы небәрі 10-13 мың теңге аралығында екен.

Сакен Калкаманов с обувью
Фото: facebook.com/saken.kalkamanov

"Бір қызығы, аяқ киімдерді сауда үйінің бұрышында орналасқан шыны қалқаның ар жағында таза былғары мен теріден тігеді. Отбасылық бизнес жылына 5 мың дана аяқ киім шығарады.

Былтыр Арыстағы жарылыстан кейін кәсіпкерге берілген 5 миллион теңгеге ғимаратты жаңартуға мүмкіндік туған. Қазақстанның барлық аймағымен байланыс орнатқан цех иесі бірнеше партия аяқ тауарды алдын ала сатқан. Қазір ұлына өзінің өмірлік тәжірибесін үйреткен әкесі Түркістан қаласынан да цех пен дүкен ашуға ниетті.

Облыс әкімі осындай цехтың барлық ауданда ашылуына мүмкіндік туғызуға тапсырма берді. Бұл үшін арнайы несие бағдарламасы жасалады", - деді Сәкен Қалқаманов.

Умирзак Шукеев смотрит обувь
Фото: facebook.com/saken.kalkamanov

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891293-mirzak-skeev-pen-orynbasary-arysta-aak-kiim-satyp-aldy-foto/

pixel