Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жемқор судьялардың неше жылға сотталатыны белгілі болды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының орынбасары сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьяларға қандай жаза қолданылатынын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олжас Бектеновтың айтуынша, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьялар заңдылықтың, құқықтық тәртіптің кепілі болғандықтан, сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін неғұрлым қатаң жаза қолданылуы тиіс.

"Бірқатар сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін санкциялар мен құқықтық салдарлар (ҚК 361, 364, 365, 366, 369 және 370-баптары) құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне күшейтілді.

Мәселен, Қылмыстық кодекске жаңа түзетулер енгізілгеннен кейін құқық қорғау органы қызметкерінің немесе судьяның пара алуы (50 АЕК-ке дейін) ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс болып саналады және 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылады, кәсіпкерлік қызметке 2 жыл емес, 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады, ал мұндай қызметке заңсыз қатысқаны үшін 1 жыл емес, 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

Құқық қорғау органдары басшылығының және судьялардың осындай әрекеттерді жасауы тиісінше 8 жылға дейін және 5 жылға дейін одан да қатаң жазаға әкеп соғады", - дейді Олжас Бектенов.

Еске сала кетсек, сенат депутаттары қылмыстық процесте азаматтар құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейтуге арналған заң қабылдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891301-bektenov-zemkorlyk-zasagan-sudalardy-nese-zylga-sottalatynyn-ajtty/

pixel