Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда 9 қабатты ғимарат өртенді: Зардап шеккендер арасында балалар да бар (фото)

Опубликовано:

Оқиға орны
Фото: БҚО Төтенше жағдайлар департаменті

Оралдағы 9 қабатты "Юность" жатақханасындағы пәтер қып-қызыл жалынға оранған, нәтижесінде бірнеше адам зардап шекті, олардың арасында балалар да бар. Өрттің себептері тексеріліп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы БҚО бойынша ТЖД-не сілтеме жасап.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Юность" жатақханасындағы өрт туралы хабарлама 27 желтоқсанда 17.48-де түскен.

"Барлау кезінде жатақхананың 5-қабатында пәтер ашық жалынмен жанып жатқан болып шықты. Құтқарушылар дереу 45 адамды эвакуациялады, оның ішінде 18 бала бар, 3 адамды құтқарды. 17.47-де өрт оқшауланды, ал 18.26-да тілсіз жау ауыздықталды", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінде.

Өртті сөндіруге 31 өрт сөндіруші мен 10 техника жұмылдырылды деп хабарланды.

Оқиға орны
Фото: БҚО Төтенше жағдайлар департаменті

БҚО денсаулық сақтау басқармасы улы газбен 9 адам уланып, оның 4-еуі балалар екенін хабарлады.

Оқиға орны
Фото: БҚО Төтенше жағдайлар департаменті
"Қаладағы жалпы ауруханаға 26 жастағы ер адам, 44 жастағы әйел, 2, 3 және 6 жастағы үш қыз, 5 жасар ер бала және 27 жастағы әйел (балалардың анасы) жеткізілді. Олар сондай-ақ улы газдан уланған, бірақ ауру деңгейі жеңіл. Олар тексеруден кейін үйлерінде қалды", – деп хабарлады ведомствода.

Еске салсақ, Қостанай облысында зейнеткер өз үйіндегі өрт кезінде көз жұмған. Қызыл жалынның алдын ала себебі – төсекте жатып, темекі шегу. 26 желтоқсанда таңертең сағат 09:14-те облыс орталығынан 8 шақырым жерде орналасқан Островной ауылының қоңырау келіп түскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1891302-oralda-9-kabatty-gimarat-rtendi-zardap-sekkender-arasynda-balalar-da-bar-foto/

pixel