Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы бизнес орталық өртке оранды (видео)

Опубликовано:

Өрт
Видеодан кадр: instagram.com/kris_p_almaty

Алматыда бизнес орталықтан өрт шықты. Әлеуметтік желіде оқиға орнынан кадрлар пайда болды деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Төтенше жағдай орнынан видеролик Instagram желісіндегі kris_p_almaty парақшасында жарияланған.

Желідегі жазбаға сәйкес, Сайран көлі ауданындағы Төле би көшесінде орналасқан ғимарат өртенген.

Роликке қарағанда өрт орталықтың үшінші қабатынан шыққан. Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті кейінірек пікір білдіретінін айтты.

Назар аударыңыз! Видеода ауыр кадрлар бар және оны психикасы тұрақсыз адамдарға, жүкті әйелдер мен 18 жасқа толмаған адамдарға көруге ұсынылмайды.

Еске сала кетсек, Қостанай облысында зейнеткер өз үйіндегі өрт кезінде көз жұмғанын жазған едік. Қызыл жалынның алдын-ала себебі - төсекте жатып, темекі шегу.

Қостанай облыстық төтенше жағдайлар департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, 26 желтоқсанда таңертең сағат 09: 14-те облыс орталығынан 8 шақырым жерде орналасқан Островной ауылының қоңырау келіп түскен.

Рабочая көшесіндегі жапсарласа орналасқан жеке үйдің бір бөлігінің шатыры жанғаны белгілі болды.

Ведомсво өкілдері қызыл жалынды ауыздықтауға екі автоцистерн мен №29 Сарыкөл өрт сөндіру бекетінің жеке құрамынан 9 адам жұмылдырылғанын хабардар етті.

Сонымен қатар, Урицкое орман шаруашылығы басқармасының еріктілері де қол ұшын берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1891307-almatydagy-biznes-ortalyk-rtke-orandy-svideo/

pixel