jitsu gif
Оқыс оқиға

    Шымкентте клубқа барған жігіттің омыртқасын сындырған

    Клуб
    Көрнекі фото: piqsels.com

    Шымкент сотында 2020 жылы күшіне енген резонанс тудырған қылмыстық істер туралы айтылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Сонымен, осы жылдың сәуір айында Абай аудандық соты жәбірленушіні мүгедек қылған 20 жастағы жігітке үкім шығарған.

    Жас жігітке қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтірді деген айып тағылған (ҚР ҚК 106-бабы, 2-бөлігі, 7-тармағы).

    Жанжал 2018 жылдың 20 қазанына қараған түні Шымкенттегі караоке-клубтардың бірінде болғандығы анықталды.

    Жәбірленуші – Алматы қаласының тұрғыны, Шымкентке жұмыстарымен келген. Сол күні кешке ол досымен және дос қыздарымен бірге караоке-клубтың ашылуына барады. Бірақ ол жерде бос орын болмаған.

    Әкімшімен әңгімелескеннен соң ештеңе өзгермеген, кейін мекеме басшылығы олардың клубтан шығуын талап еткен. Достар клубтан шыққан кезде оларға бір топ жігіт шабуыл жасайды. Олар екі досты әкімшімен дөрекі сөйлескені үшін ұра бастаған.

    Жәбірленушілердің айтуынша, шабуылдаушылар мекеменің жасырын күзетшілері болған. Олардың бірі шымыр денелі, күрес әдістерін меңгерген жігіт алматылықты жігітті көтеріп, басымен жерге тастаған.

    Салдарынан ол омыртқа-жұлынның жабық жарақатын, жұлын жарақатын және өміріне қауіп төндіретін тағы басқа жарақаттар алған.

    Күдікті алты айға жуық жасырынған, бірақ ақыры 2019 жылдың тамызында қамауға алынған. Алайда ол өзінің толықтай кінәсіз екендігін мәлімдеген.

    Алайда тергеу материалдарын, куәгерлердің жауаптарын, сараптама нәтижелерін зерделеп, Абай аудандық сотының судьясы Сайдыбаттал Тоқбергенов айыпталушыны кінәлі деп тауып, 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырған.

    Ол жазасын қауіпсіздігі орташа колонияда өтейді. Бүгінде сот үкімі күшіне енген.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.