Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бананда кездесетін вирустан 23 адам көз жұмды": Желідегі кезекті жалған ақпарат тарады

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Желіде Синьхуа (Қытай) ауруханасында 23 адамның өліміне себеп болған n7n9 жаңа вирусы туралы ақпарат тарап жатыр. Онда қорқынышты аурудың қоздырғышы бананда болатыны айтылған. Алайда бұл Ресей мен Украинада жыл басында тараған жалған ақпарат деп жазады StopFake.

"Кеше түнде Синьхуа ауруханасында n7n9 вирусын жұқтырған 23 адам қайтыс болды. Ең үлкені 35-те, ең кішісі бір жаста болған. Олармен байланыста болған дәрігерлер карантинге алынды. Басты арнаның жаңалықтарында бананды, әсіресе оңтүстіктен әкелінген бананды уақытша алмауды өтінді. Бұл хабарламаны өзіңіз алаңдайтын адамдарға, чаттарға жіберіңіз. Таратыңыздар, өтініш. Банан жеуді азайтыңыз!", – делінген хабарламада.

Фото
Скриншот: Stopfake.kz

Басылымның жазуынша, бұл ақпарат жалған. Жыл басында Ресей мен Украинада желі қолданушылары осы хабарламаны бір-біріне таратқан. Алайда N7N9 деген вирус жоқ.

Бұл жерде құс тұмауы вирусының штаммы H7N9 жайлы айтылуы мүмкін. Ол ауа тамшы жолдарымен беріледі. Аурудың қоздырғышы жемістердің ішінде өмір сүре алатындығы және олар арқылы берілетіні туралы мәлімет жоқ.

Құс тұмауының ошағы 2013 жылы Нидерланд, Италия, Канада, АҚШ, Мексика және Ұлыбританияда тіркелген.

Көп жағдайда инфекция үй құстарынан табылған.

Нидерландта бір адам қайтыс болған, басқа жағдайларда ауру конъюнктивит және жоғарғы тыныс жолдарының жеңіл белгілері түрінде өткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1891325-bananda-kezdesetin-virustan-23-adam-kz-zmdy-zelidegi-kezekti-zalgan-akparat-tarady/

pixel