Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда ит алты айдан бері жол жиегінде иесін күтіп жүр (видео)

Опубликовано:

Оралдық Хатико
Фото: Уральская неделя/ Рауль Упоров

Оралда ит жарты жылдан бері жол жиегінде отыр. Жергілікті тұрғындар ол иесін күтіп жүр деп есептейді.

Бұл туралы "Уральская неделя" басылымына Зачаган ауылының тұрғыны Екатерина Байкумашева айтып берген.

Әйел адамның сөзінше, күйеуі екеуі итті алғаш рет осы жылдың маусым айында байқаған. Содан бері олар үй жануарын Орал мен Зачаган арасындағы жолда жиі көретін болған.

Екатеринаның сөзінше, ит адамды өзіне жақындатпайды, орманға жасырынады.

"Біз күйеуіміз екеуміз таңертең автокөлігімізбен жұмысқа барамыз. Ит сол жерде отырады. Біз бірнеше рет оны тамақтандырдық, кей жүргізушілер де оған тамақ береді. Бірақ, ол өзіне бәрін жақындата бермейді. Үрмейді, адамдарға шабуыл жасамайды, тек орманға қашады", - дейді келіншек.

Ерлі-зайыптылар иттің қара "джип" пен қара түсті барлық көліктің соңынан жүгіретінін байқаған.

"Ит отыратын жердің маңында дүкен бар. Сатушылар да иттің қара көліктің артынан жүгіріп үретінін, артынша артқа қайтып, кішкене күте тұрып, орманға кететінін байқаған. Қыс түскен соң тұрғындардың бірі итке үйшік дайындап қойыпты. Оған жазуы бар тақтайша орнатыпты. Жазуына қарағанда кішкентай бала жасаған сияқты. Тақтайшада ол итке арналған үйшікті бұзбауды өтініпті",- дейді Катя Баймукашева.

Жақында әлдекімдер үйшікті жол жиегіне лақтырып тастаған, енді ол тақтайшамен бірге жерде жатыр. Ал қара ит әлі де таңнан кешке дейін иесін күтуді жалғастыруда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891379-oralda-it-zarty-zyl-bojy-zol-zieginde-iesin-ktip-zr-video/

pixel