RU

Қазақстандық оқушылар қысқы каникул кезінде қанша күн демалады

Қаламмен жазып жатыр
Көрнекі фото: Pexels.com

Білім және ғылым министрлігі Қазақстанда оқушылар қысқы каникул кезінде қанша күн демалатынын хабардар етті. Хабарландыру БҒМ ресми Telegram парақшасында пайда болды.

Ведомство ақпарынша, қысқы каникул кезінде оқушылар 31 желтоқсан - 10 қаңтар аралығында 11 күн демалады.

Бірінші сынып оқушылары үшін 8-14 ақпан аралығында қосымша 7 күн демалыс беріледі.

Еске сала кетейік, 19 желтоқсаннан бастап Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары әзірлеген отандық QazCovid-in вакцинасын клиникалық сынақтан өткізудің соңғы ІІІ сатысы басталды. Оның шеңберінде 3 мың ерікті азаматқа екпе егілуде.

Бүгін Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев коронавирусқа қарсы қазақстандық QazCovid-in вакцинасын қабылады.

Аймақ басшысы вакцина тиімді тестілеумен және қолданыстағы алдын алу шараларымен бірге пандемияны бақылауға алуға көмектесетін маңызды құралға айналатынын атап өтті.

Жамбыл облысының әкімімен бірге С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің ректоры Талғат Нұрғожин де отандық вакцинаны салдырды. Одан бөлек, отандық вакцина еккендер қатарында Ерлан Қарин мен Асхат Аймағамбетов бар.

Үкімет басшысы Асқар Маминнің сөзінше, отандық вакцинаны жаппай егу 2021 жылдың наурыз айында басталады.

Бірінші кезекте ерікті түрде медицина қызметкерлеріне, педагогтерге, сондай-ақ созылмалы аурулармен ауыратын топтағы адамдарға екпе жасалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891405-kazakstanda-okusylardy-kysky-demalysy-kansa-uakytka-zalgasady/